Digital Farabi 2026 халықаралық форумы аясындағы AI Agents Cup байқауыFarabi University

91ý

Digital Farabi 2026 халықаралық форумы аясындағы AI Agents Cup байқауы

20 сәуір 2026
Digital Farabi 2026 халықаралық форумы аясындағы AI Agents Cup байқауы

2026 жылғы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылым, білім және индустрия өкілдерін біріктірген Digital Farabi 2026 халықаралық форумы өтті. Форум барысында цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Форум аясында Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы AI Agents Cup байқауын ұйымдастырды. Байқау интеллектуалды жүйелер мен AI-агенттерді әзірлеу саласында талантты студенттер мен жас мамандарды анықтауға және қолдауға бағытталды. Байқаудың басты демеушісі — Freedom Telecom компаниясы.

Қатысушылар жасанды интеллект саласындағы инновациялық шешімдерін ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, креативті көзқарасын және жобалардың практикалық маңыздылығын көрсетті.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласының жетекші мамандары енді:

  • Саида Алдияровна Тастанова — PhD, доцент, Мұхаммед әл-Хоразми атындағы ақпараттық технологиялар университетінің оқытушысы (Ташкент қ.);
  • Айболат Құлатай — IT-сарапшы;
  • Айша Сайлау — ғылыми қызметкер;
  • Талшын Сарсембаева — «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі меңгеруші орынбасары;
  • Балжан Абдуали — «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының аға оқытушысы.

Аталған байқау тәжірибе алмасуға, озық идеяларды таныстыруға және академиялық орта мен IT-индустрия арасындағы өзара байланысты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара жасанды интеллект экожүйесінің дамуына және жастар бастамаларын қолдауға елеулі үлес қосты.