ҚазҰУ-да «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» тақырыбында ТДМ-3 аясында іс-шара өттіFarabi University

91ý

ҚазҰУ-да «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» тақырыбында ТДМ-3 аясында іс-шара өтті

22 сәуір 2026
ҚазҰУ-да «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» тақырыбында ТДМ-3 аясында іс-шара өтті

Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-3) сәйкес, 2026 жылдың 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биофизика, биомедицина жне нейроғылым кафедрасының 7М01504 – «Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары кафедраның аға оқытушысы А.Н.Қожахметованың жне  кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жне тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доцент Г.К.Атанбаеваның жетекшілігімен 6В05109-Нейроғылым білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған ТДМ-3. «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында келесі тәрбиелік жұмыстар жүзеге асырылды. ТДМ 1-курс студенттерінің академиялық тобында «Жақсы денсаулық жне әл-ауқат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, зиянды әдеттердің алдын алу жне психологиялық әл-ауқатын жақсарту болды.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге салауатты өмір салты ұғымы, оның негізгі бағыттары (дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена жне психологиялық денсаулық), сондай-ақ денсаулыққа зиянды әдеттердің (темекі шегу, алкоголь, дұрыс емес тамақтану) адам ағзасына тигізетін кері әсерлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттік топта денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, өзара қолдау көрсету жне салауатты өмір салтын бірге ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

 

Іс-шара пікірталас жне еркін әңгімелесу форматында өтті. Студенттер өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, салауатты өмір салтына қатысты өмірлік мысалдар келтіріп, денсаулықты сақтау жне нығайту жолдарын талқылады. Нәтижесінде қатысушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі жне психологиялық әл-ауқатты сақтаудың маңыздылығы туралы ортақ қорытындыға келді.

Іс-шараға қатысушылар:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биофизика, биомедицина жне нейроғылым кафедрасының 6B05109 – «Нейроғылым» білім беру бағдарламасының  1-курс студенттері.

Оқытушылар:

кафедраның аға оқытушысы А.Н.Қожахметова;

кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жне тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доценті Г.К.Атанбаева

 

Өткізілген тәрбиелік сағаттың нәтижесінде студенттер салауатты өмір салты, оның негізгі бағыттары жне денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы түсінік алды. Соған байланысты студенттер дайындаған көрініс қойылды.  Сонымен қатар білім алушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена жне психологиялық әл-ауқатты сақтаудың маңыздылығын түсінді. Студенттер өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жне салауатты орта қалыптастыру қажеттілігін ұғынды.

 

 

Талқылау барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, салауатты өмір салтын ұстануға қатысты түрлі жағдайларды талқылады. Бұл олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына жне күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қалыптастыруына ықпал етті.

 

Жалпы алғанда, өткізілген іс-шара тәрбиелік тұрғыдан оң әсерін тигізді: студенттерде салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасты, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жне пайдалы әдеттерді дамытуға деген қызығушылығы артты. Тәрбие сағаты студенттік ұжымда белсенділік пен жағымды атмосфераның қалыптасуына, сондай-ақ денсаулық мәдениетінің дамуына ықпал етті.

 

 

\#SDG \#SustainableDevelopment \#THEImpact \#KazNU \#SDG\_KazNU, - SDG3: \#SDG3 \#QualityEducation