«Фараби әлемі»: жаңа идеялар мен ғылыми серпіліс алаңы
«Фараби әлемі» ғылыми конференциясы аясында студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен бөлісті. Жыл сайын өтетін конференция шеңберінде Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы «Математикалық модельдеу және есептеу математикасы» атты 6-секция бойынша белсенді қатысып, жоғары деңгейде өз жұмысын көрсетті. Секцияға жалпы саны 36 баяндама түсіп, оның 25 баяндама тыңдалды. Олар заманауи математикалық әдістер, модельдеу технологиялары және есептеу математикасының өзекті мәселелерін қамтыды.
Қатысушылар өз баяндамаларында күрделі процестерді математикалық модельдеу, сандық әдістерді қолдану, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың ғылымдағы рөлі туралы тың нәтижелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетті. МКМ кафедрасы атынан ұйымдастырылған секция ғылыми пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар арасында тәжірибе бөлісу мен жаңа идеялардың қалыптасуына ықпал етті. Конференция нәтижелері болашақ ғылыми зерттеулердің дамуына серпін берді, жас ғалымдарға ғылыми жеңістер тілейміз.
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі С.Д.Маусумбекова
Басқа жаңалықтар