Таза қала – таза болашақ (экологиялық сенбілік)
Бүгін университетіміздің №17 студенттер үйі аумағында «Таза қала – таза болашақ» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға бірінші курс студенттері белсенді қатысып, жатақхана маңын тазалау жұмыстарына жұмылды. Бұл бастама жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды және экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді.

Сенбілік барысында студенттер жатақхана ауласындағы қоқыстарды жинап, жол жиектерін тазалап, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Ағаштардың түбін қопсытып, аумақты абаттандыру жұмыстарына ерекше мән берілді. Қатысушылар қолдарына құрал-саймандар алып, бір кісідей жұмыла еңбек етті.
Экологиялық сенбілік – бұл тек тазалық шарасы емес, сонымен қатар табиғатты аялауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды іс-шара. Бүгінгі белсенділік студенттердің азаматтық ұстанымын айқындап, олардың қоғамға пайдалы іске атсалысуға дайын екенін көрсетті.
Шара соңында жатақхана маңы айтарлықтай тазартып, көркейе түсті. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.