Тұрақты даму мақсаты №3 «Денсаулық және әл-ауқат» бойынша барлық адамдар үшін жасына қарамастан салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатты нығайту көзделеді. Бұл мақсат аурушаңдық деңгейін төмендетуге, аурулардың алдын алуға, денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, сондай-ақ халықтың өмір сапасы мен ұзақтығын арттыруға бағытталған.
Біздің мақсатымыз — студенттерде денсаулықтың адам үшін негізгі құндылық екенін түсінуін қалыптастыру, өздерінің физикалық және психикалық жағдайына жауапкершілікпен қарауды дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын тәрбиелеу.
Қазіргі жағдайда адам денсаулығына әртүрлі факторлар әсер етеді: стресс, дұрыс емес тамақтану, қозғалыстың аздығы және экологиялық жағдайдың нашарлауы. Осыған байланысты жастардың денсаулықты сақтауға саналы көзқарасын қалыптастырудың маңызы ерекше.

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамасымен аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты — халықтың денсаулық мәселелері туралы ақпараттандырылуын арттыру және аурулардың алдын алуға назар аударту.
Кураторлық сағат барысында студенттермен келесі негізгі мәселелер талқыланды:
• денсаулық ұғымы және оның маңызы
• адам денсаулығына әсер ететін факторлар
• дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділіктің маңызы
• зиянды әдеттердің әсері
• психикалық денсаулықтың маңызы
Осылайша, ТДМ №3-ті жүзеге асыру дені сау қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді. Өткізілген кураторлық сағат студенттерге денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсінуге, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтауға және салауатты өмір салты қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Куратор: Жанибекова Айсулу Оралбековна
Группа: ББ 25-20
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар