- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тәжікстан ЮНЕСКО-ның су ресурстарын зерттеу, экологиялық білім беру және тұрақты даму кафедрасының өкілі ҚазҰУ-да
Тәжікстан ЮНЕСКО-ның су ресурстарын зерттеу, экологиялық білім беру және тұрақты даму кафедрасының өкілі ҚазҰУ-да
22.04.2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетіне Тәжікстандағы ЮНЕСКО-ның су ресурстарын зерттеу, экологиялық білім беру және тұрақты даму кафедрасының меңгерушісі арнайы жұмыс сапарымен келді.
Ходжибаев Далержон Дадоевич, техника ғылымдарының кандидаты, жасанды интеллект және жаңа технологиялар факультетінің өкілі, сондай-ақ Тәжікстан тау-кен металлургия институтындағы ЮНЕСКО-ның су ресурстарын зерттеу, экологиялық білім беру және тұрақты даму кафедрасының меңгерушісі. Сапар барысында қонақ университеттің, факультеттің ғылыми-білім беру қызметімен, білім беру бағдарламаларымен және тұрақты даму бағытындағы жобаларымен танысты. Кездесу аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.
Тәжікстандағы аталған кафедра әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаеваның ғылыми-әдістемелік консультациясы мен қолдауы нәтижесінде ашылған. Бұл ынтымақтастық ЮНЕСКО ұйымының классикалық South–South cooperation бағытына жатады.
Бұл кездесу ЮНЕСКО кафедралары арасындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.