20 наурыз күні Химия және химиялық технология факультетінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараға факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері және студенттері белсене қатысты.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар дәріптеліп, қазақ халқының бай мәдени мұрасы насихатталды. Қатысушыларға наурыз көже, палау, ыстық бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.
Сонымен қатар, мереке аясында қазақтың салт-дәстүрлері таныстырылып, олардың мән-мағынасы түсіндірілді. Атап айтқанда, шашу шашу және тұсау кесер рәсімдері көрсетіліп, Наурызнама тарихына кеңінен тоқталды.
Мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл игі іс-шара ұлттық рухты нығайтып, жастардың дәстүрге деген құрметін арттыруға зор үлес қосты.
Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жақсылықова Г.Ж.
Басқа жаңалықтар