- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедарысының студенттеріне 2025-2026 оқу жылының көктемгі сессиясын өткізу бойынша кездесу өткізілді
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедарысының студенттеріне 2025-2026 оқу жылының көктемгі сессиясын өткізу бойынша кездесу өткізілді
22.04.2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының Экология, Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының студенттеріне География және табиғатты пайдалану факультетінің оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айман Шәкенқызы және Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы меңгерушісінің оқу және әдістемелік және тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Қалдыбаева Сауле Токышқызының ұйымдастыруымен 2025-2026 оқу жылындағы көктемгі сессиясын өткізу бойынша онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.
Оқу жылының ең жауапты кезеңдерінің бірі —емтихан сессиясы. Бұл өткен семестрде жинақталған қорытындылау, білімді тексеру және кәсіби құзыреттіліктерді көрсету уақыты.
Кездесу барысында факультеттің оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айман Шәкенқызы емтихандарды форматына байланысты өткізілу тәртібін толық түсіндірді. 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестрі сессиясы кезінде қорытынды бақылауды (емтихан) өткізу формаларының сипаттамасы, емтихан өткізу ережелері толық баяндалды.