- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа дизайн сайысы»: Теңіз экожүйелерін қорғауға бағытталған экологиялық шығармашылық іс-шара
«Жаңа дизайн сайысы»: Теңіз экожүйелерін қорғауға бағытталған экологиялық шығармашылық іс-шара
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінде студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және теңіз экожүйелерін сақтауға бағытталған «Жаңа дизайн сайысы» өтті. Іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 14: «Теңіз экожүйелерін сақтау» стратегиялық мақсатын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Сайыс барысында білім алушылар пластик қалдықтарының су ресурстарына тигізетін зиянын азайту мақсатында экологиялық қаптамалар мен көп реттік ыдыстардың бірегей үлгілерін әзірледі. Студенттер өз жобаларында экологиялық таза материалдарды қолданудың маңыздылығын және жауапты тұтыну мәдениетін насихаттады. Ұсынылған жұмыстар креативті шешімдерімен және теңіз тіршілігін қорғауға бағытталған практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Бұл бастама жастардың жаһандық экологиялық мәселелерге деген белсенді азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Контек Айым және «6В01706 Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар