- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Таза орта – таза сана»: Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған кураторлық сағат
«Таза орта – таза сана»: Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған кураторлық сағат
2026 жылғы 20 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде маңызды тәрбиелік және экологиялық іс-шара өтті. Жылуфизика және техникалық физика кафедрасында «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 137-топ студенттерімен «Таза орта – таза сана» тақырыбында ашық кураторлық сабақ ұйымдастырылды. Шараны топ кураторы Ильясова Гулжан Оспанбековна жүргізді.
Аталған іс-шара жай ғана тазалық тақырыбымен шектелмей, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 12 (Жауапты тұтыну мен өндіріс) және ТДМ 13 (Климаттың өзгеруіне қарсы күрес) бағыттарын ілгерілетуді көздеді. Қазіргі жаһандық экологиялық дағдарыс кезеңінде болашақ техник-физиктердің қоршаған ортаға деген көзқарасы мен жауапкершілігін қалыптастыру – стратегиялық маңызды міндет.
Сабақтың басты мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін жаңа деңгейге көтеру. Гулжан Оспанбековна өз сөзінде «Таза орта» ұғымы тек сыртқы тазалық емес, ол адамның ішкі мәдениеті мен сана-сезімінің айнасы екенін атап өтті. Санасы таза адам қоршаған ортаға зиян келтірмейді, керісінше, оны қорғауға тырысады. Осы орайда, студенттерге күнделікті өмірде қолдануға болатын экологиялық әдеттер туралы мазмұнды ақпарат берілді. Оның ішінде қалдықтарды сұрыптау, пластиктен бас тарту, су мен энергия ресурстарын үнемді пайдалану сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Кураторлық сағат интерактивті форматта өтті. Студенттер «Экологиялық із» ұғымын талдап, техникалық физика саласындағы мамандар ретінде қоршаған ортаны қорғауға қандай үлес қоса алатындықтары туралы пікір алмасты. Техникалық физиканың дамуы – жаңартылатын энергия көздерін жасауға және қалдықсыз технологияларды енгізуге тікелей байланысты екені айтылды.
Қорытындылай келе, бұл іс-шара студенттердің тек кәсіби маман ретінде емес, саналы азамат ретінде қалыптасуына үлкен әсер етті. Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті сақтау – әрбір жас буынның парызы. Мұндай кураторлық сағаттар университетіміздің «Жасыл университет» мәртебесін нығайтуға және қоғамда экологиялық этиканы қалыптастыруға бағытталған.
Басқа жаңалықтар