Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының эдвайзерлері Мұхамедрысқызы М., Тәжен Ә.Б., Байсеитов Қ. жетекшілігімен студенттерге арналған «Тазалық бізден басталады» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін арттыру және жаһандық экологиялық мәселелерге бейжай қарамау көзқарасын қалыптастыру болды. Қазіргі таңда экология мәселелері бүкіл әлем бойынша өзекті болып отыр. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың азаюы – адамзат алдында тұрған маңызды сын-қатерлердің бірі.
Кураторлық сағаттың теориялық бөлімінде студенттермен экологиялық тепе-теңдік, тұрақты даму ұғымдары және әр адамның табиғатты қорғаудағы рөлі талқыланды. Білім алушылар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қоршаған ортаны қорғау мәдениеті және экологиялық жауапкершілік туралы өз ойларымен бөлісті. Студенттер факультет аумағын қоқыстан тазартылып, жапырақтар жиналды, қалдықтар сұрыпталып, арнайы орындарға орналастырылды. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында студенттер бірлескен жұмыс арқылы ұйымшылдық пен жауапкершілік қасиеттерін көрсетті. Олар экологиялық мәселелерді тек теория жүзінде ғана емес, іс жүзінде де шешуге болатынын түсінді.
Кураторлық сағаттың қорытындысында қатысушылар тазалық пен экологиялық мәдениет әр адамның күнделікті өмір салтының бір бөлігі болуы тиіс деген ортақ пікірге келді. «Тазалық бізден басталады» қағидаты арқылы студенттер қоғамға үлгі болуға дайын екендіктерін көрсетті.
Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, ол ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ 12 – «Жауапты тұтыну және өндіру» және ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсаттарына сәйкес келеді.
Жалпы, өткізілген кураторлық сағат студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.
Басқа жаңалықтар