- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ «ТЕМІР ҚҰРСАУДАН ӨТУ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ
ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ «ТЕМІР ҚҰРСАУДАН ӨТУ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ
20 сәуірде Алмалы ауданы комбюнити орталығында өткен ирандық журналист Амирхушанг Данаи түсірген «Темір құрсаудан өту» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.
Бұл деректі фильмде Қазақстанда кеңес үкіметі орнағаннан кейін Маңғыстау өңірі қазақтарының 1928-1932 жж. Иранға көшу тарихы баяндалады. Деректі фильмде бұл көшке коллективтендіру салдарынан болған ауыр аштық және кейбір қазақтардың Кеңес билігінің дінге тыйым салуына көндіге алмағаны да себеп болғаны айтылады. Фильмде тәуелсіздік алғаннан кейін елге оралған қандастар мен Иранда әлі де тұрып жатқан қазақтардан сұхбаттар алынған. Иранда тұрып жатқа қазақтардың тұрмысынан біраз материалдар қамтылған.
Фильмде шығыстану факультетінің ұстаздары Ислам Жеменей, Ғалия Қамбарбекова, Зүбайда Шадкамның сұхбаттары бар. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрсының аға оқытушысы Бақыткүл Базаркулова фильмнің қазақша мәтінін редакцияласа, 2 курс мгистранты Гаухар Омарханова дубляж жұмысына қатысқан.
Бұл деректі фильмді Иран мен Қазақстан қарым-қатынастарын зерттеуге қосылған жаңа дүние деп санауға болады және болашақта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз.

Айман Жұбатқанқызы Боранбаева
Ирантану бөлімінің меңгерушісі
Басқа жаңалықтар