Fin-Quest: Географияның табысы — табиғи ресурстарды пайдаланудағы қаржылық тиімділік бойынша зияткерлік ойынFarabi University

91ý

Fin-Quest: Географияның табысы — табиғи ресурстарды пайдаланудағы қаржылық тиімділік бойынша зияткерлік ойын

23 сәуір 2026
Fin-Quest: Географияның табысы — табиғи ресурстарды пайдаланудағы қаржылық тиімділік бойынша зияткерлік ойын

             6В11101-Туризм білім беру бағдарламасының 3 курс қазақ бөлімінің студенттері, рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушылары С.А. Момынов пен А.А. Бейсахметтің жетекшілігімен «Fin-Quest: Географиядағы табиғи ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі» атты зияткерлік ойын форматында іс-шара өткізді.

         Іс-шара ойын түрінде өтті: студенттер тапсырмаларды өздері дайындап, жүргізуші және қатысушы рөлдерін атқарды. Ойын барысында командаларға табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қаржылық тиімділігін бағалауға байланысты түрлі тапсырмалар берілді.

         Әр команда географиялық ерекшеліктерді, ықтимал тәуекелдерді және экономикалық тиімділікті ескере отырып өз шешімдерін ұсынды. Қатысушылар өз нәтижелерін таныстырып, ұсынылған идеяларды талқылады.

         Бұл формат студенттердің командалық жұмыс, аналитикалық ойлау және практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.