«Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.Farabi University

91ý

«Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

20 сәуір 2026
«Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

2026 жылғы 20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «7М01105 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының магистранттары Дощанова М.Х., Мұратхан Ж.С. педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Булатбаева А.А., Альчимбаева А.Б., Мурзагулова М.Д. жетекшілігімен 3 курс студенттерімен «Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын дамыту, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы аясында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Мазмұндық тұрғыдан іс-шара тұрақты даму мақсаттарымен байланыстырылып, ТДМ 3 (жақсы денсаулық пен әл-ауқат), ТДМ 11 (тұрақты қалалар мен елді мекендер) және ТДМ 13 (климаттың өзгеруімен күрес) бағыттарын қамтыды. Бұл экологиялық тазалықтың адам денсаулығына, өмір сапасына және қоғамның тұрақты дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік берді.