- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Эко-сана: Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу»» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
«Эко-сана: Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу»» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
2026 жылғы 20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «7M01105-Педагогика.Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының магистранттары Айткожина Д.А, Бейсенбаева Н.Н және
« 7М01805-Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының магистранты Насенова А.К педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Булатбаева А.А, Есенова К.А, Масимбаева А.А., Қоңырбаева С.С жетекшілігімен «Ozat» мектебінде 1 курс студенттері және оқушылардың қатысуымен ««Эко-сана: Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу»» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты - бұл тәрбие сағаты оқушылар мен студенттерге қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасын түсіндіруді мақсат етеді. Бағдарлама аясында олар қоқысты қағаз, пластик және шыны деп бөліп, дұрыс сұрыптаудың практикалық дағдыларын меңгерді. Студенттер мен оқушыларға қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы мен оларға «екінші өмір» сыйлау жолдары ұғындырылды. Осылайша, бірлескен жұмыс арқылы қатысушылардың бойында жауапты «Эко-сана» қалыптасады.