«Жауапты тұтыну» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. — ҚазҰУ

91ý

«Жауапты тұтыну» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

1 сәуір 2026
«Жауапты тұтыну» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

2026 жылғы 1 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 8D01102 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент мамандығының 1 курс докторанттары А.К. Тулегенов пен С.М. Ғабдұл-Мүттәліп педагогикалық практика аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №3 оқу корпусының 606-аудиториясында «Жауапты тұтыну» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара «6В03201 – Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің қатысуымен өтті.

Ашық сабақтың мақсаты – студенттерге жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру және экологиялық, әлеуметтік жауапкершілікке баулу.

Сабақ барысында қатысушылар артық тұтыну, пластик қалдықтары, азық-түлік ысырабы, су мен энергияны үнемдеу тақырыптары бойынша топтық жұмыстар орындап, өз ойларын ортаға салды.

Студенттер жоғары белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысып, сыни ойлау және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.

Аталған ашық тәрбие сағаты студенттердің экологиялық мәдениетін дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмірде қолдануға оң ықпал етті.