Әдеби мұра және қазіргі заман жастарыFarabi University

91ý

Әдеби мұра және қазіргі заман жастары

23 сәуір 2026
Әдеби мұра және қазіргі заман жастары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 1-курс магистранты Оразалы Дананың ұйымдастыруымен «Кітап - адамзаттың  рухани қазынасы» атты дөңгелек үстел форматында кафедра меңгерушісі Маусумбекова Сауле Джумакановна, Оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Сагимбаева Лида Абсултановна  және 3 курс студенттерінің қатысуымен ашық сабақ өтілді.

Түрік жұртының ұлы ақыны Әлішер Науаидың «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына»  деген сөзімен бастай келе. 23-сәуір кітап сүйер қауым үшін ерекше күн екені атап өтілді. Бұл күннің таңдалуы да кездейсоқ емес, оның терең тарихы әрі символикалық мәні бар. Бұл күннің негізгі мақсаты — кітап оқуды насихаттау, авторлардың еңбегін құрметтеу және әдеби мұраны қорғау.

Ашық сабақ барысында, студенттер белсенділік танытып өздерінің сүйікті авторларымен таныстырып, оқыған кітаптарынан түйген ойларымен бөлісті. Сергіту мақсатында «Мақал-мәтелді жалғастыр» және «Сұрақ-жауап» айдарлары өткізіліп, студенттердің белсенділігі артты. Ең белсенді студентке тойдан тобықтай деген ниетпен Сайын Мұратбектің «Жусан иісі» кітабі сыйланды. Студенттер Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына «Жусан иісі» спектакліне барғанын одан алған әсерлерін айтып сезімдерімен бөлісті. 

Сабақ соңында кафедра меңгерушісі Маусумбекова Сауле Джумакановна кітап оқудағы өз тәжірибесімен бөлісіп, Мұхтар Мағауин шығармашылығына кеңінен шолу жасады. Сонымен қатар, қаламгер еңбектерінің тарихи-танымдық маңызын атап өтіп, студенттерді ұлттық әдеби мұраны тереңірек оқуға шақырды. Оның әсерлі әңгімесі студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды бағалауға бағыт берді.Кафедра меңгерушісінің орынбасары Сагимбаева Лида Абсултановна Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұжырымдамасы аясында іске асырылып отқан «Кітап оқитын ұлт» жобасына тоқталып, кітап оқудың ұлт болашағына тигізер маңызы туралы мазмұнды ой бөлісті.

Осылайша, 23 сәуір — тек күнтізбедегі дата емес, кітаптың құндылығын ұғындырып, рухани байлыққа бастайтын, білім мен шығармашылықты қадірлейтін ерекше күн деген қорытындыға келдік. Бұл күн әр адамды кітап оқуға үндеп, білім мен ой-сананы дамытуға жетелейді. Осындай игі бастамаға біз де титтей болса үлесімізді қостық деп ойлаймыз.

 

Оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі

кафедра меңгерушісінің орынбасары

 Сагимбаева        Лида Абсултановна 

1-курс магистранты Оразалы Дана