Қазақстан–Франция геоэнергетика орталығының 15 жылдығыFarabi University

91ý

Қазақстан–Франция геоэнергетика орталығының 15 жылдығы

24 сәуір 2026
Қазақстан–Франция геоэнергетика орталығының 15 жылдығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан–Франция геоэнергетика орталығының 15 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар және түлектер қатысты.

Жиын барысында орталықтың 15 жыл ішіндегі жұмысы қорытындыланып, халықаралық ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді. Сонымен қатар жаңа келісімдерге қол қойылып, 2024–2025 жылғы түлектерге дипломдар табысталды.

Аталған шараға ҚазҰУ-дың “Есептеу ғылымдары және статистика” кафедрасы өкілдері қатысып, университеттің ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға өз үлесін қосты.

🌎Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты: 
ЦУР 4 – сапалы білім беру арқылы студенттердің мәдени-танымдық деңгейін арттыру
ЦУР 11 – тұрақты қалалар мен қауымдастықтарды дамыту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау
ЦУР 17 – серіктестік арқылы факультеттер мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

ЕҒжС кафедрасы