Молекулалық биология және генетика кафедрасындағы ашық есік күні: ғылымға кіріспе және білім беру мүмкіндіктері — ҚазҰУ

91ý

Молекулалық биология және генетика кафедрасындағы ашық есік күні: ғылымға кіріспе және білім беру мүмкіндіктері

22 сәуір 2026
Молекулалық биология және генетика кафедрасындағы ашық есік күні: ғылымға кіріспе және білім беру мүмкіндіктері

2026 жылдың 22 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасында мектеп бітіруші түлектерге арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы - «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Шараға кафедра атынан Алтыбаева Назгүл Абдуллақызы жауапты деп танылып, жоғары деңгейде өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушылары кафедраның білім беру бағдарламаларымен және болашақ мамандықтармен танысты. Сондай-ақ, олар ғылыми-зерттеу зертханалармен танысып, заманауи ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерімен танысуға және оқытушылармен, студенттермен еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік алды.



Іс-шара барысында мектеп оқушыларының алдында PhD докторант Ержан Арайлым Ерғалиқызы арнайы баяндама жасады. Ол жас талапкерлерге өзінің ғылым жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, докторант дәрежесіне жету үшін қандай негізгі дағдылар мен білім қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, шет мемлекеттердегі жетекші университеттерге ғылыми тағылымдамаға қалай шығуға болатыны туралы құнды ақпарат беріп, оқушыларға нақты бағыт-бағдар сілтеді.



Бұл кездесу оқушылардың генетика саласындағы болашақ мансабына алғашқы қадам жасауына түрткі болып, мамандық таңдауда үлкен мотивация берді.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы