- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ-ның ТДМ аясында «Мақсат қоя білу – табысқа бастар жол. Армандар картасы» атты ашық тәрбие сағаты
БҰҰ-ның ТДМ аясында «Мақсат қоя білу – табысқа бастар жол. Армандар картасы» атты ашық тәрбие сағаты
2026 жылдың 21 сәуірінде педагогикалық практика аясында «7М05119 – Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Ердимурат Анель Сербаева А.Д. тобы «6B05103 – Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Мақсат қоя білу – табысқа бастар жол. Армандар картасы» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өткізді.
Бұл сабақты өткізу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» бағытын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Аталған мақсат білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Осыған байланысты сабақ барысында студенттердің өзін-өзі дамытуы және саналы түрде мақсат қоя білуі басты назарға алынды.
Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге жеке мақсат қоюдың маңыздылығын түсіндіру, табысқа жетудің негізгі қағидаларын көрсету және «армандар картасы» әдісі арқылы олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру болды. Сонымен қатар, білім алушылардың өзін-өзі тануын дамыту, ішкі мотивациясын арттыру және саналы түрде жоспар құру дағдыларын қалыптастыру көзделді.
Сабақ барысында студенттер мақсаттың адам өміріндегі рөлі туралы мәлімет алды. Мақсат қоюдың негізгі принциптері, атап айтқанда мақсаттың нақты, өлшенетін, қолжетімді, маңызды және уақытпен шектелген болуы (SMART қағидасы) түсіндірілді. Сонымен қатар, табысқа жету жолында кездесетін қиындықтар мен оларды жеңу тәсілдері талқыланды.
Практикалық бөлімде студенттер «Армандар картасы» әдісімен жұмыс жасады. Әрбір студент өз мақсаттары мен армандарын анықтап, оларды қағаз бетінде визуалды түрде бейнеледі.
Интерактивті бөлімде студенттер шағын топтарға бөлініп, бір-бірінің мақсаттарымен бөлісіп, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады және өз жұмыстарын қорғады. Бұл тапсырма студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Сабақтың қорытынды бөлімінде білім алушылар кері байланыс беріп, мақсат қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара қойылған мақсаттарға толық қол жеткізді. Сабақ студенттердің жеке дамуына оң әсер етіп, олардың болашаққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Педагогикалық тәжірибе жетекшісі:
б.ғ.к., аға оқытушысы Ыргынбаева Ш.М.
Басқа жаңалықтар