Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі халықаралық конференция: жасанды интеллект дәуіріндегі кәсіпкерлерді қорғаудың құқықтық тетіктері — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі халықаралық конференция: жасанды интеллект дәуіріндегі кәсіпкерлерді қорғаудың құқықтық тетіктері

24 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі халықаралық конференция: жасанды интеллект дәуіріндегі кәсіпкерлерді қорғаудың құқықтық тетіктері

2026 жылғы 24 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы заң ғылымдарының докторы, профессор Амирханова Ирина Викторовнаның 60 жылдығына және оның жарқын естелігіне арналған жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция тақырыбы: «Жасанды интеллект және әкімшілік бақылау дәуірінде кәсіпкерлерді қорғаудың құқықтық тетіктері» – ғылыми және практикалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырып, академиялық қауымдастық, заң тәжірибесі және қоғамдық институттар өкілдерін біріктірді.

Іс-шара модераторлары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор м.а. Балашов Талғат Төлеуұлы және заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұқалдиева Гулия Бөкешқызы  болды.

Конференция қатысушыларына құттықтау сөздерін заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректоры Дүйсенов Еркін Ерманұлы және заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлы арнады.

Халықаралық конференция жұмысына Жетісу университетінің (Ілияс Жансүгіров атындағы) Басқарма төрағасы – ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Е.А., заң ғылымдарының докторы, профессор Дусипов Е.Ш., Ташкент мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілі, адвокат, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Кусяпова Н.В., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры, PhD Сапаров Б.Ж., «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты Куанов Т.О., «Эко-Трэнд» ЖШС директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, құқық магистрі Оразғали Ә.Д. қатысты.

Конференция барысында цифрландыру жағдайында, жасанды интеллект технологияларын енгізу және әкімшілік бақылаудың күшеюі кезеңінде кәсіпкерлерді қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар мемлекет пен бизнес мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін икемді құқықтық құралдарды дамыту қажеттігін атап өтті.

Іс-шара барысында Амирханова И.В. атындағы атаулы стипендияны салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Оқу үлгеріміндегі үздік жетістіктері үшін 7М04217 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Шонабай Салтанат аталған стипендияға ие болды.

 

 

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіруге, бизнесті құқықтық қорғау тетіктерін дамытуға, сондай-ақ мемлекет, кәсіпкерлік қауымдастық және ғылыми орта арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

 Конференция өткізу ғылыми идеялар алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және қазіргі жағдайдағы құқықтық жүйені дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу үшін маңызды алаң болды.