- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ-ның ТДМ аясында 15-мақсат бағытына сәйкес «Таза Қазақстан акциясы аясында TazaLike» атты ашық тәрбие сағаты
БҰҰ-ның ТДМ аясында 15-мақсат бағытына сәйкес «Таза Қазақстан акциясы аясында TazaLike» атты ашық тәрбие сағаты
2026 жылдың 24 сәуірінде педагогикалық практика аясында «7М05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының магистрант-практиканты Бөкіл Ж.Б. «6B05105 – Генетика» 1-курс студенттеріне, куратор Сейдахметова Г.Б. арналған «Таза Қазақстан акциясы аясында TazaLike» тақырыбында ашық эдвайзерлік сабақ өткізді. Бұл сабақ қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның №15 Тұрақты даму мақсаты – «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағытын іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі болды. Сабақ барысында студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға ерекше назар аударылды.
Сабақ барысында студенттерге қазіргі таңда өзекті болып отырған экологиялық мәселелер – қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы және биоалуантүрліліктің азаюы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясының маңызы түсіндіріліп, оның қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Студенттер күнделікті өмірде табиғатты қорғауға қалай үлес қоса алатыны жөнінде өз ойларын ортаға салып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын талдады. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екендігіне баса назар аударылды.
№15 ТДМ аясында экологиялық жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында сабақтың интерактивті формасы қолданылды. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, экологиялық мәселелерді шешу жолдары бойынша тапсырмалар орындады. Әр топ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұсыныстарын дайындап, оларды постер түрінде қорғады. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды азайту, табиғи ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау сияқты практикалық ұсыныстар талқыланды. Бұл жұмыс студенттердің экологиялық ойлау қабілетін дамытып, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілгенін атап өтуге болады. Сабақ студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін күшейтуге және тұрақты даму қағидаттарын түсінуіне оң әсерін тигізді. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның №15 ТДМ мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келеді және қоршаған ортаны қорғауға белсенді үлес қосатын саналы азаматтарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік маңызы жоғары жұмыс болып табылады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Педагогикалық тәжірибе жетекшісі:
б.ғ.к., аға оқытушы Ыргынбаева Ш.М.
Басқа жаңалықтар