Берлин Еуразиялық клубының 46-шы отырысыFarabi University

91ý

Берлин Еуразиялық клубының 46-шы отырысы

23 Сәу, 2026
Берлин Еуразиялық клубының 46-шы отырысы

2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Ортақ тұрақты дамуға қол жеткізу: Қазақстан мен Германияның жасыл болашақ жолындағы стратегиялық әріптестігі» тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының 46-шы отырысы өтті.

Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Мұқанова Г.А. қатысты.

Іс-шара барысында тұрақты даму, климаттың өзгеруі және экологиялық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу аясында екі негізгі панельдік сессия ұйымдастырылды.

Бірінші панельдік дискуссия «Ауыл шаруашылығы және су ресурстары: азық-түлік қауіпсіздігі мен климаттық тұрақтылықтың негізі» тақырыбына арналды. Бұл бөлімде су ресурстарын тиімді басқару (ТДМ 6), аграрлық секторды тұрақты дамыту, климаттың өзгеруіне бейімделу (ТДМ 13) және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ТДМ 2) мәселелері көтерілді.



Екінші панельдік дискуссия «Климат және экология – аймақтық қауіпсіздік факторы: Green Central Asia іс жүзінде» тақырыбында өтті. Қатысушылар климаттық саясат, Орталық Азиядағы экологиялық тұрақтылық, трансшекаралық су мәселелері, сондай-ақ «жасыл» технологияларды енгізу мен халықаралық ынтымақтастықтың (ТДМ 17) рөлін талқылады.

Іс-шара қорытындысында экология, су ресурстары және «жасыл» технологиялар саласындағы бірқатар ынтымақтастық келісімдеріне қол қою рәсімі өтті.

Берлин Еуразиялық клубының бұл отырысы Қазақстан мен Германия арасындағы тұрақты даму саласындағы әріптестікті нығайтуға және өңірлік экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған маңызды диалог алаңы болды.