RES 2026 халықаралық экологиялық саммиті
2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Regional Ecological Summit 2026 (RES 2026) – тұрақты даму, климат және «жасыл» технологияларға арналған халықаралық деңгейдегі ірі алаң болды.
Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Мұқанова Г.А. қатысты.
RES 2026 саммиті Орталық Азия елдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес және ғылыми қауымдастықты біріктіре отырып, климаттың өзгеруі, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму бағытында бірлескен шешімдер әзірлеуге бағытталған диалог алаңы ретінде ұйымдастырылды .
Іс-шара барысында климаттың өзгеруімен күрес (ТДМ 13), су және жер ресурстарын тиімді басқару (ТДМ 6, ТДМ 15), биоалуантүрлілікті сақтау, сондай-ақ «жасыл» технологияларды енгізу және тұрақты экономиканы дамыту мәселелері кеңінен талқыланды . Сонымен қатар халықаралық әріптестікті нығайту және инвестициялық жобаларды іске асыру (ТДМ 17) басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылды.
Саммит аясында өткен RES 2026 EXPO көрмесінде экологиялық инновациялар, ESG-жобалар және заманауи «жасыл» шешімдер ұсынылып, мемлекет, бизнес және ғылым арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік жасалды .
Аталған іс-шара тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында Қазақстанның өңірлік және халықаралық деңгейдегі бастамаларын ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң ретінде ерекшеленді.
Басқа жаңалықтар