Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясат құжатын әзірлеу бойынша кездесу өттіFarabi University

91ý

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясат құжатын әзірлеу бойынша кездесу өтті

24 сәуір 2026
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясат құжатын әзірлеу бойынша кездесу өтті

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясат құжатын әзірлеу бойынша кездесу өтті. Іс-шараға үкімет өкілдері, парламент депутаттары, Этика кеңесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қ.Р. Усеинова қатысты.

 

Талқылау қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аяқталғаннан кейін басталды. Бұрынғы үкіметтік бағдарламалар мен халықаралық тәжірибеге қарамастан, сыбайлас жемқорлық әлі де күрделі мәселе болып қала беретіні атап өтілді.

 

Кездесуге қатысушылар назарды жазалаудан жауапкершіліктің сөзсіздігіне және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға жағдай жасауға аударуды ұсынды. Жаңа тұжырымдама «Әділ Қазақстан», «Адал Азамат» және «Құқықтық тәртіп» қағидаттарын ескере отырып әзірленеді.

 

Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық тараптардың – үкіметтің, бизнестің және азаматтық қоғамның – бірлескен күш-жігері қажет.