- Басты бет
- Жаңалықтар
- Цифрлық технологиялар – сапалы білімнің негізі: Студенттер инновациялар әлемін талқылады
Цифрлық технологиялар – сапалы білімнің негізі: Студенттер инновациялар әлемін талқылады
ПФНжКФ кафедрасында аға оқытушы Байсеитов Қ.М. жетекшілігімен 1-курс магистранттары Жолмурза Жандос пен Кеңесбек Салтанаттың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне «Цифрлық технологиялар мен инновация — сапалы білімнің негізі» тақырыбында тәрбиелік-танымдық ашық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерге цифрлық технологиялар мен инновациялардың қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызын түсіндіру, олардың білім сапасын арттырудағы рөлін көрсету, сондай-ақ заманауи технологияларды тиімді қолдануға баулу болды. Сонымен қатар, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және жаңа идеяларға ынталандыру көзделді.
.jpeg)
Іс-шара барысында студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында цифрлық білім беру платформалары, жасанды интеллект, виртуалды зертханалар, онлайн оқыту жүйелері туралы көріністік және презентациялық материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, интерактивті тапсырмалар, қызу талқылаулар және интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, іс-шараға қатысушылар белсенді түрде өз ойларын ортаға салды.
Студенттер арасында өткізілген ойындар мен топтық жұмыстар барысында қатысушылар цифрлық технологиялар, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері, білім беру саласындағы инновациялар жөніндегі білімдерін көрсетті. Мұндай тапсырмалар олардың логикалық ойлау, тез шешім қабылдау, топпен жұмыс жасау және көшбасшылық дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Сабақтың ерекше бөлімі ретінде «Қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрлық технологиялардың орны», «Жасанды интеллекттің болашағы», «STEAM білім берудің артықшылықтары» тақырыптарында қызу пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер өздерінің тың идеялары мен ұсыныстарын айтып, белсенділік танытты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Қорытындылай келе, бұл ашық сабақ студенттердің зияткерлік дамуына оң әсер етіп, цифрлық технологиялар мен инновациялардың сапалы білім берудегі маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар