Стрессті басқару – табысты студенттің кепілі: Білім алушылар тиімді күресу жолдарын меңгерді — ҚазҰУ

91ý

Стрессті басқару – табысты студенттің кепілі: Білім алушылар тиімді күресу жолдарын меңгерді

14 сәуір 2026
Стрессті басқару – табысты студенттің кепілі: Білім алушылар тиімді күресу жолдарын меңгерді

ПФНжКФ кафедрасында аға-оқытушы Нурушева Мөлдір Махметқызы жне 1-курс магистранты Жүнісбекова Әсел Маратқызы ұйымдастыруымен «Қолданбалы физика жне электр инженериясы » білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Студенттің өміріндегі стресс. Стресспен күресу жолдары» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге стресс ұғымын жан-жақты түсіндіру, оның пайда болу себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ тиімді күресу жолдарын үйрету болды.

Іс-шара кіріспе бөлімнен басталып, студенттерге шағын жаттығу ұсынылды. Қатысушылар өздеріне стресс тудыратын жағдайларды қағазға жазып, оларды ортақ талқылау арқылы саралады. Бұл тәсіл студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, өз тәжірибелерімен ашық бөлісуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, стресс жағдайларының әр адамда әртүрлі қабылданатыны атап көрсетілді.

Стресс туралы теориялық мәліметтер берілді. Стресс ұғымының мәні, оның түрлері (эустресс жне дистресс), сондай-ақ кезеңдері (мазасыздану, қарсыласу, әлсіреу) нақты мысалдармен баяндалды. Студенттерге стресс тек жағымсыз құбылыс емес, белгілі бір деңгейде адамның дамуына ықпал ететін табиғи процесс екені түсіндірілді. Студенттер арасында жиі кездесетін стресс факторлары – академиялық жүктеме, уақыт тапшылығы, әлеуметтік қарым-қатынастар жне ішкі психологиялық мәселелер талқыланды.

Іс-шара барысында интерактивті әдістер кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, студенттер арасында стресс деңгейін анықтауға арналған тест жүргізілді. Бұл тапсырма қатысушыларға өз психологиялық жағдайын бағалап, жеке ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Мини-экзамен» жаттығуы арқылы уақыт қысымында жұмыс істеу дағдылары тексерілді. Студенттер тапсырманы орындау барысында өз ойлары мен эмоцияларын бақылап, стресс жағдайындағы мінез-құлқын талдады. 

Стресспен күресу жолдары да қарастырылды. Физиологиялық әдістер (спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, ұйқы режимі) жне психологиялық тәсілдер (позитивті ойлау, өзін-өзі бақылау, уақытты жоспарлау) ұсынылды. Сонымен қатар, «Менің ресурстарым» жаттығуы арқылы студенттер өз күшті жақтарын анықтап, оларды қиын жағдайларда қалай пайдалануға болатынын түсінді.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде рефлексия жүргізіліп, студенттер өз әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар сабақтан алған білімдерінің өмірде маңызды екенін атап өтті жне стресс жағдайларын басқару дағдыларының артқанын жеткізді. Жалпы, іс-шара студенттердің психологиялық сауаттылығын арттырып, олардың өз-өзіне деген сенімін нығайтуға оң әсер етті.