Студенттер AI арқылы бюджет жоспарлауды үйренді — ҚазҰУ

91ý

Студенттер AI арқылы бюджет жоспарлауды үйренді

27 сәуір 2026
Студенттер AI арқылы  бюджет жоспарлауды үйренді

Бүгінгі студент – ертеңгі маман ғана емес, қоғамның экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамуына жауапты тұлға. Сондықтан заманауи университет тек білім беріп қана қоймай, өмірлік дағдыларды қалыптастыратын ортаға айналуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында өткен «Student Budget AI» тренингі уақыт талабына толық жауап берген маңызды бастама болды.

Бұл кездесу студенттердің қаржылық сауаттылығын арт­ты­руға, жеке бюджет жүргізу мәдениетін қалыптастыруға және жасанды интеллект мүм­кін­діктерін тиімді пайдалануға арналды.

Іс-шараның спикері – Түр­кістан облыстық Алтынсарин балалар кітапханасының жұрт­шы­лықпен байланыс жөніндегі ме­неджері, AI эксперт, марке­то­лог, сонымен қатар ҚазҰУ түлегі Нұрсәуле Досымхан. Ол «Жасанды интеллект көмегімен жеке бюджетті тиімді жоспар­лау» тақырыбында тәжірибелік бағыттағы мазмұнды тренинг өткізіп, қатысушыларды қар­жы­ны басқарудың жаңа дең­гейі­мен таныстырды.

Студенттік кезеңде қалып­тас­қан қаржылық әдеттер адам өмірінің кейінгі кезең­де­ріне ті­келей әсер етеді. Көп жағдайда жастар табыс пен шығынды жүйелі есептеудің маңызын тек еңбек жолына шыққаннан кейін ғана түсінеді. Ал университет қабырғасында осындай дағды­лар­ды меңгеру – болашақтағы тұрақтылықтың негізін қалау де­ген сөз.

Тренинг барысында жеке қаржылық мақсат қою, табыс көздерін талдау, шығындарды санаттарға бөлу, қысқа және ұзақ мерзімді жоспар құру мә­се­лелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар импульсивті шығындардың психологиялық себептері, қаржылық жауап­кер­шілік мәдениеті, жинақ жа­сау стратегиялары туралы прак­­тикалық кеңестер берілді.

Жасанды интеллект тек тех­­нология саласының жаңа­лы­­ғы емес, күнделікті өмірді жеңіл­де­тетін тиімді құрал. Қаржыны бас­қаруда AI қолдану субъек­тивті шешімнен дерек­тер­ге негізделген талдауға көшу де­генді білдіреді.

Тренинг барысында сту­дент­тер AI негізіндегі сервис­тер арқылы: ай сайынғы шығын құрылымын автоматты түрде талдау; қаржылық тәуекел­дер­ді болжау; үнемдеу әлеуетін анық­тау; жеке бюджет сце­на­рийлерін модельдеу мүмкін­дік­терімен танысты.

Бұл тәжірибе цифрлық сауат­­тылықты арттырумен қа­тар, технологияны саналы пай­да­лану мәдениетін қалып­тас­тырады.

Ұйымдастырылған бастама Біріккен Ұлттар Ұйымы ай­қын­даған Тұрақты даму мақ­сат­тарының мазмұнымен үндес. Студенттердің өмірлік және цифрлық дағдыларын дамыту арқылы ТДМ 4 – Сапалы білім қағидаты жүзеге асады. Қар­жылық тұрақтылық пен эко­но­микалық дербестікке баулу ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу бағытымен үй­леседі. Ал инновациялық тех­нологияларды қолдану ТДМ 9 – Инновация және инфрақұ­ры­лым мақсаттарын қолдайды. Сонымен қатар саналы бюджет жүргізу мәдениеті ТДМ 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс принциптеріне сәйкес келеді.

Осы тұрғыдан алғанда, «Stu­dent Budget AI» тренингі жаһан­дық даму үрдістерімен үндес келетін білім беру бастамасы ретінде бағалануға лайық.

Бүгінде Әл-Фараби атын­да­ғы ҚазҰУ тек академиялық бі­лім беретін мекеме емес, сту­денттердің тұлғалық дамуына жүйелі түрде жағдай жасайтын интеллектуалдық орта. Уни­вер­­ситетте өткізілетін осындай кездесулер жастардың әлеу­мет­тік белсенділігін, көшбас­шы­лық қабілетін, цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

ҚазҰУ-дың студенттермен жүргізіп отырған жұмысының ерекшелігі – заманауи тренд­тер­ді тәрбие және білім беру үдерісімен үйлестіре білуінде. Жасанды интеллект, стартап мәдениеті, еріктілік қозғалысы, цифрлық трансформация се­кіл­ді бағыттар университет өмі­рінің ажырамас бөлігіне ай­налып отыр.

Осындай кешенді бастама­лар ҚазҰУ-дың бәсекеге қабі­лет­ті, жауапты және инно­ва­ция­лық тұрғыда ойлайтын жаңа буынды қалыптастыруға қосып отырған нақты үлесін ай­қын көр­сетеді.

Іс-шара интерактивті фор­матта өтіп, студенттер бел­сен­ді түрде пікір алмасып, өз сұ­рақ­­тарына жауап алды. Мұн­­­дай кездесулер универ­си­теттің сту­­денттік қауымдастықпен ашық диалог орнатуға және олардың бастамаларын қолдауға әр­дайым дайын екенін көрсетеді.

Ақтоты БЕКЖАНОВА,

Картография

және геоинформатика кафедрасының оқытушысы