Жаппай ашық онлайн курстардың маңызы ерекше — ҚазҰУ

91ý

Жаппай ашық онлайн курстардың маңызы ерекше

27 сәуір 2026
Жаппай ашық онлайн курстардың маңызы ерекше

Университет оқытушы­сы­ның оқыту әдістемесі бүгінгі ақпараттық техно­ло­гия­лар заманында уақыт­тан қалыс қалмауды қадағалайтын талап деңгейін қатаң ұстануға құрылған. Уақыт мүдде­сіне сай оқытудың әдісі – онлайн курстар құру арқылы білім беру жолын үйлестіру. Осы бағытта ЖАОК (MOOC) – жаппай ашық онлайн курстарын құру және сол курс құ­ры­луы тиісті пәннің то­лық, технологиялық және барлығына қол­же­тімді болуы жолындағы идеяны шындыққа ай­нал­дырып, іске келтіру жо­лында үлкен жұмыс атқарып отырған ака­демиялық және цифрлық инновация кеңсесінің жауапты қызметінің қажырлы еңбегі екенін айту орынды.

2024 жылы университеттің «Онлайн курсты әзірлеу: тео­рия­дан – практикаға» атты он­лайн курсынан өтудің нәтижесі, сондай-ақ ақпараттық-комму­ни­кациялар техно­логия­ла­ры­ның тікелей көмегімен және әртүрлі қызметтің құрылымдық кешенінде дамытуға жұмыс іс­теуге үйреткен әдістемені жү­зеге асыру мақсаты, оқытатын жеке пән кешені бойынша дара курс құруға жол ашты. Осы мақ­сатта Академиялық мә­се­лелер жөніндегі депар­та­мент­тің Академиялық және цифр­лық инновациялар кеңсесі ұйым­дастырған конкурсқа қа­тысуға дайындық қолға алын­ды. Кеңсенің ұйымдастыру кон­курстық комиссиясы мәжі­лі­­сінің 2024 жылдың 2 сәуі­рін­дегі №1 хаттамасымен «Ха­лық­аралық қатынастардың қазіргі мәселелері» пәнінен ЖАОК (MOOC) онлайн курсын әзір­леу­ге мүмкіндік берілді. Пәннің бакалаврдағы «Халықаралық қатынастар» білім беру бағ­дар­ламасында оқытылатын курс болғандығынан, оның оқытылу ерекшелігін ескере отырып, курстың ауқымын кеңейтуге қатысты конкурстық комиссия мүшелерінен ұсыныс енгі­зіл­ді. Осылайша департаменттің ака­­демиялық мәселелер жө­нін­дегі орынбасары, оқытудың жаңа технологиялары бойынша сарапшы-ғалым Әсел Муси­но­ваның ұсынысымен, ҚР СІМ және халықаралық ұйымдар дең­гейінде басшылардан 10-нан кем емес дәріс-сұхбат ұйымдастыру арқылы курсты интеграцияланудың өндіріс­тік талаптары ауқымдалып, курс­­ты құруға қатысты жұ­мыс бас­та­ма алды. Халықаралық қа­тынастар факультетінде бұ­­рын-соңды қолға алынбаған онлайн курсты даярлау тә­жі­рибесінің жоқтығы және курс авторлары үшін бағыттың мүл­де анық болмаған сәтінде аса ерекше шыдамдылық танытып, сенім арта жол көрсеткен Әсел Ахметқызының ықыласының арқасында іске ынтамен кірі­су­дің бағдары ашылғанын се­нім­мен айтуға болады.

Жалпы, ЖАОК (MOOC) – жап­пай ашық онлайн курс­та­рын құру, видео-дәрістер, дә­ріс конспектілерін, қосымша ма­­териалдары мен бақылау тап­сырмалары, сертификат алу­ға қажетті қорытынды жо­ба­лары, әдістемелік нұс­қау­лық­тарын дайындау және олар­дың курс құрылымына қойы­латын талаптарда әзір­ле­нуі аса тиянақты еңбек. Курс­тың мақсатты аудиториясынан бастап, оны құрылымдау, кон­тенті мен тапсырмалары, ба­қы­лауын жобалау, видео-дә­рістері, тест тапсырмалары, фо­румдарын ұйымдастыру, ең бастысы, түсірілім, оны қайта өңдеу, жүктеу секілді техни­ка­лық қызметтердің көрсетілуіне қолдау, курс авторлары ко­ман­дасының ғана біржақты қыз­ме­тімен үйлеспейтін аса жауап­кер­шілікті, күрделі де үлкен шы­дамды талап ететін іске ай­налары сөзсіз екенінің дәлелі.

Осы үдерістің жай-күйіне то­лық жетекшілік ететін уни­вер­ситеттегі Академиялық мә­се­лелер жөніндегі депар­та­мент­тің Академиялық және цифрлық инновация кеңсесінің бас маманы, АКТ негізінде ақ­параттық білім беру мә­се­ле­лерін зерттеуші-ғалым Айнұр Арыстанованың онлайн курсты құрушы-оқытушыларды даяр­лау­дағы еңбегі ерекше атауға тұрарлық. Біздің курс автор­ла­ры, өздері оқытып, онлайн курс құруға әзірлеген пәннің дәс­түр­лі технологиясын жақсы біл­гені, тіпті арнайы дайындық курсынан өткеніне қарамастан, іске кіріскен сәттегі жұмыс механизмі қоятын күнделікті талаптардың өте тиянақ­ты­лық­­ты, іскерлік пен қабі­лет­ті­лікті қажет ететініне көздері жет­кендей.

Біз авторлық еткен «Халық­ара­лық қатынастардың қазіргі мәселелері» пәнінен әзірлен­ген онлайн курстың ерекшелігі студенттерге курс аясында дипломатияда, сыртқы саясат саласында танымал тұлға­лар­дан кеңес алу және әлемнің бетбұрысында аса маңызды мә­селелерді бірге тал­қы­лау­дың пайдалы әрі қызықты бо­ла­ры сөзсіз екендігі басты нысанаға алынды. Сондықтан да курсты әзірлеуге видео-сұх­­баттармен, ҚР Сыртқы іс­тер министрлігінде қызмет ат­қа­ратын дипломаттар, елдегі халықаралық ұйымдар және шетелдердің дипломатиялық кор­пус өкілдері мен жетек­ші­лері, сондай-ақ халықаралық дең­гейдегі сарапшылар тар­тыл­ды.

Курстың ерекше құрылы­мын сипаттайтын видео-сұх­бат­тарға танымал дип­ло­мат­тар, БҰҰ Жаһандық ком­му­никациялар бойынша ҚР өкілі Властимил Самек, ҚР Лит­ва Республикасының тө­тенше және өкілетті елшісі Эги­диюс Навикас мырзалар­мен, Алматы қаласындағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй ханым, сонымен бірге ҚР Қытай Халық Республикасындағы елшілі­гі­нің бірінші хатшысы Әділ Ба­қытжанұлы және Орталық Азия аймақтық экологиялық орта­лы­­ғының тұрақты энергетика және климаттың өзгеруі бо­йынша бағдарламасының ме­неджері Саидахмад Дило­вар­шо мырзалар тартылды. Олар­мен қатар А.Чеботарев, Н.Асқар, Ж.Момынқұлов, Л.Де­ловарова және А.Ахметов сын­ды отандық халықаралық са­рапшы-ғалымдардың да курс­­ты арнайы видео-сұх­бат­тарымен қолдаудағы еңбектері зор бол­ды.

Курс аяқталғаннан кейінгі кез келген жерде қолжетімді білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін жаңа ин­те­рактивті цифрлық құрал еке­ніне дейінгі үдеріс, оның шын мәнінде интерактивті, тегін, өзекті және еркін оқу түзілім қамтамасыз ететін ерекше­лі­гіне жол ашатынына сенім пай­да болады.

Қазақстанның ашық білім бе­рудің ұлттық платформасы https://open.kaznu.kz орна­лас­қан «Халықаралық қаты­нас­тар­­дың қазіргі мәселелері» жаппай ашық онлайн курсы университеттің тәуелсіз елге алғашқы дипломат-маман­дар­ды даярлау ұстаханасы болған, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедра­сын­да оқытылады. Қазақ тілін­де әзірленген онлайн курстың студенттік аудиториясы аса кең. Халықаралық қатынас­тар­дың қазіргі мәселелерін қа­м­титын курстар халықаралық қатынастар бойынша бакалавр мамандарын даярлайтын бас­қа да ЖОО бар білім беру бағ­дар­ламаларында қамтылған. Академиялық мәселелер жө­ніндегі департаменттің ака­де­миялық және цифрлық инно­ва­ция кеңсесінің ЖАОК (MOOC) – жаппай ашық онлайн курс­та­рын құрудағы дәнекер ретінде өзін шын мәнінде дәлелдейтін кеңсе. Сондықтан студент пен оқытушы арасындағы бай­ла­ныс­ты уақыт деңгейінде қол­даудың үлкен жауапкершілігі осылайша жүзеге асатынын үл­кен құрметпен айту орынды.

Лаура ТӘҢІРБЕРГЕНҚЫЗЫ,

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры міндетін атқарушы, т.ғ.к.

Алмагүл ҚҰЛБАЕВА,

доцент міндетін атқарушы, т.ғ.к.