- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шығыстану (жапонтану) мамандығы бойынша республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шығыстану (жапонтану) мамандығы бойынша республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті
2026 жылғы 24 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында «6В02207 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – шығыс тілдерін оқытуды жетілдіру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды қолдау және олардың ғылыми-танымдық әлеуетін арттыру.
Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ден 23 студент қатысты. Қатысушылар жапон тілі бойынша лексика-грамматикалық тест, Жапония тарихы бойынша тапсырмалар орындап, сондай-ақ «Жапон мәдениеті: дәстүр және модернизация» тақырыбында презентациялар қорғады.
Қазылар алқасының шешімімен 6 студент жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар қатарында:
І орын
Есенгельдыева Ақерке Мауленкулқызы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «6В02207 – Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.
Жетекшілері: Утеулиева Г.К., Тлеубаева А.А.
ІІ орын
Ильяшева Сара Досовна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «6В02207 – Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Жетекшілері: Балакаева Л.Т., Тазабекова Г.Б.
Бейсебай Арьяна Әнуарбекқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «6В02207 – Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.
Жетекшілері: Шадаева М.Т., Ашинова Ж.Е.
ІІІ орын
Сағатбек Айғаным Махамбетқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «6В02207 – Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Жетекшілері: Шадаева М.Т., Ақын А.К.
Досекей Мейірбек Ғабиденұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «6В02207 – Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Жетекшілері: Балакаева Л.Т., Тазабекова Г.Б.
Тынышбай Аяжан Ерболқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «6В02207 – Шығыстану» (жапон тілі) білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.
Жетекшілері: Шадаева М.Т., Ақын А.К.
Олимпиада шығыстану саласындағы білім сапасын арттыруға, студенттердің академиялық белсенділігін күшейтуге және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.


Басқа жаңалықтар