- Басты бет
- Жаңалықтар
- 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде студенттер мен оқытушыларды осы маңызды мерекемен құттықтау өтті.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде студенттер мен оқытушыларды осы маңызды мерекемен құттықтау өтті.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде студенттер мен оқытушыларды осы маңызды мерекемен құттықтау өтті.
Шара факультет деңгейінде ұйымдастырылды.
Кездесу барысында еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, ұлттар достығының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазақстан — көптеген этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекет, ал бірлік пен өзара құрмет — оның ең басты құндылығы екені айтылды.
Сонымен қатар, болашақ медицина мамандары үшін тек кәсіби білім ғана емес, адамгершілік, төзімділік және жанашырлық сияқты қасиеттердің де аса маңызды екені сөз болды. Әртүрлі мәдениет пен көзқарасты түсіну — дәрігердің науқасқа дұрыс қарым-қатынас жасауына негіз болатыны ерекше атап өтілді.
Кездесу барысында жастар ел бірлігін қадірлеуге, татулықты сақтауға және қоғамдағы келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуға шақырылды. Өйткені бірлігі мықты елдің болашағы әрқашан жарқын болмақ.
Бірлік пен келісім — еліміздің ең басты байлығы!
Басқа жаңалықтар