- Басты бет
- Жаңалықтар
- Cтуденттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы
Cтуденттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы
2026 жылғы 7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Ауқымды ғылыми іс-шараға Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде үздіктер қатарында «Видеокадрлар мен аудиоспектрограммалар негізінде deepfake анықтайтын веб-қосымшаны әзірлеу» тақырыбы бойынша «6B06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 4-курс студенті Қабақбай Жансен Абайұлы II дәрежелі дипломмен марапатталып, қаржылай сыйақы алды. ылыми жетекшісі: Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Жұмабекова Айдана Төлеуқызы.
Басқа жаңалықтар