«Soil Health Check»: университет аумағындағы топырақ құнарлылығын бағалау — ҚазҰУ

91ý

«Soil Health Check»: университет аумағындағы топырақ құнарлылығын бағалау

24 сәуір 2026
«Soil Health Check»: университет аумағындағы топырақ құнарлылығын бағалау

2026 жылғы 24 сәуірде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жоспарланған іс-шаралар шеңберінде «Soil Health Check» тақырыбында университет аумағындағы топырақ құнарлылығын экспресс-талдау және оны күтіп-баптау шараларына арналған ғылыми-тәжірибелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – университет аумағындағы топырақтың морфологиялық құрылымын сипаттау, сондай-ақ студенттердің кәсіби практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.


 

Аталған мақсатқа сәйкес университет аумағында топырақ кескінін (профилін) қазу жұмыстары жоспарланып, зерттеу барысында топырақтың морфологиялық қабаттары сипатталып, оның физика-химиялық көрсеткіштерін анықтауға арналған үлгілер алынды.

Іс-шараны Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Шимшиков Б.Е., Мұқанова Г.А., Ошақбай А.А. ұйымдастырды. ылыми-тәжірибелік жұмысқа 6B05202 – «Экология» және 6B07304 – «Кадастр» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері белсенді қатысты.


 

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының келесі бағыттарына сәйкес келеді: ТДМ 4 – «Сапалы білім» – студенттердің практикалық және ғылыми дағдыларын дамыту арқылы; ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» – топырақтың экологиялық жағдайын бағалау және оны сақтау шараларын қарастыру арқылы; ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» – топырақ ресурстарын қорғау, қалпына келтіру және ұтымды пайдалану бағытындағы іс-шаралар арқылы.

Іс-шара студенттердің экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және топырақ ресурстарын қорғау бағытындағы практикалық білімдерін нығайтуға ықпал етеді.