- Басты бет
- Жаңалықтар
- Цифрлық сауаттылық – қауіпсіз өмір негізі: докторанттардың қайырымдылық бастамасы
Цифрлық сауаттылық – қауіпсіз өмір негізі: докторанттардың қайырымдылық бастамасы
2026 жылдың 27 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының докторанттары маңызды әлеуметтік-ағартушылық бастаманы жүзеге асырды.
«8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «8D06301 – Криптология» білім беру бағдарламаларының 1-курс докторанттары педагогикалық практика аясында «Благодать» қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірінші бағыты – ЦУР 1: Ликвидация нищеты (Кедейлікті жою) шеңберінде ұйымдастырылды. Өйткені қазіргі заманда цифрлық қызметтерге қолжетімділік пен оларды қолдана білу – әлеуметтік теңсіздікті азайтудың басты құралы болып табылады.
Іс-шара негізінде егде жастағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Цифрлық сервистерді пайдалану» бойынша арнайы оқыту мини-тренингі ұйымдастырылды. Тренингтің басты мақсаты – қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, оларды заманауи киберқауіптерден қорғау және күнделікті өмірде технологиялардың игілігін көруге көмектесу.
Докторанттар тренинг барысында келесі өзекті бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
– интернет-алаяқтықтан қорғану: Қатысушыларға фишингтік хабарламаларды анықтау, күдікті сілтемелерді ашпау және алаяқтық қоңырауларға жауап бермеу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
– мемлекеттік және әлеуметтік сервистер: eGov Mobile, Damumed және онлайн-банкинг қосымшаларын қауіпсіз пайдалану, электронды қызметтерді үйден шықпай-ақ алу жолдары көрсетілді.
– арнайы мүмкіндіктерді баптау: Смартфондардағы «ерекше мүмкіндіктер» (мәтінді дыбыстау, экранды үлкейту, контрастты реттеу) функцияларын әр қатысушының жеке қажеттілігіне қарай баптап берді.
Тренинг өте белсенді форматта өтті: қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Бұл кездесу қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тек ақпараттық көмек қана емес, сонымен қатар жас ғалымдар тарапынан көрсетілген үлкен рухани қолдау мен қамқорлық болды.
Мұндай шаралар жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы цифрлық теңсіздікті азайтуға өз үлесін қосады. Докторанттардың аға буынмен тікелей қарым-қатынасы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Цифрлық сауаттылық – бұл тек техникалық білім емес, бұл әрбір адамның қауіпсіз әрі толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін қоғамдық игілік