- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ стоматология кафедрасында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен сенбілік өтті
ҚазҰУ стоматология кафедрасында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен сенбілік өтті
22 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стоматология кафедрасында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара кафедра аумағын абаттандыруға және жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар оқу аудиторияларын және іргелес аумақты тазалап, көгалдандыру жұмыстарына да атсалысты.

Сенбілік достық әрі ұйымшыл атмосферада өтіп, барлығын тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында біріктірді. Кафедра басшылығы барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдірді.
