«Таза табиғат – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өттіFarabi University

91ý

«Таза табиғат – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

17 сәуір 2026
«Таза табиғат – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылдың 15 сәуір күні ылым және жаратылыстану пәндерінің апталығы аясында Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің оқушыларына арналған танымдық әрі тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ботаника және агроэкология кафедрасының  аға оқытушысы, PhD Құлымбет Қ.Қ. қатысып, «Таза табиғат – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын ояту болды. Бүгінгі таңда экологиялық мәселелердің өзектілігі артып отырған кезеңде мұндай іс-шаралардың маңызы ерекше. Себебі табиғатты аялау, жер мен суды қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Іс-шара барысында оқушылар табиғат пен топыраққа қатысты өз білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Атап айтқанда, олар топырақтың ылғалдылығын, кеуектілігін және құнарлылығын анықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Бұл жұмыстар оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар кездесу барысында оқушылар табиғат, туған жер, қоршаған орта тақырыптарында өлеңдер оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Олардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігі іс-шараның мазмұнын аша түсті. ылым мен өнердің үйлесім табуы оқушыларға ерекше әсер қалдырды.

Дөңгелек үстел еркін диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғалыммен пікір алмасты. Әсіресе топырақтың құнарлылығы, экологиялық тепе-теңдік, табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды сақтау және болашақ мамандық таңдау мәселелері бойынша мазмұнды әңгіме өрбіді. Мұндай кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға және болашақта мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал ететіні сөзсіз.

Кездесу соңында қатысушылар табиғатты қорғау – жарқын болашақтың кепілі екенін атап өтті. Оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсініп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау қажеттігін ұғынды.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы