«Таза Қазақстан – ұлт болашағының кепілі»Farabi University

91ý

«Таза Қазақстан – ұлт болашағының кепілі»

24 Сәу, 2026
«Таза Қазақстан – ұлт болашағының кепілі»

«Таза Қазақстан – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізілді Университетте «Таза Қазақстан – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Іс-шараны кураторлар Ешова Ж.Т., Қанапиева Ф. және Супиева Ж.А. ұйымдастырды. Аталған іс-шараға «Мұнайхимия және химмотология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту және тұрақты даму қағидаттарын насихаттау болды. Сабақ барысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына ерекше назар аударылып, атап айтқанда, №4 – Сапалы білім беру, №11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер, №12 – Жауапты тұтыну және өндіріс, №13 – Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара аясында тақырыпқа сәйкес дайындалған презентациялық материалдар ұсынылып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат берілді.

 

Кураторлар Ешова Ж.Т., Қанапиева Ф. және Супиева Ж.А.