География және табиғатты пайдалану факультетінде ОӘБ РОӘК грифін беру мәселелері бойынша семинар өткізілдіFarabi University

91ý

География және табиғатты пайдалану факультетінде ОӘБ РОӘК грифін беру мәселелері бойынша семинар өткізілді

27 сәуір 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінде ОӘБ РОӘК грифін беру мәселелері бойынша семинар өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар және Оқу-әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі грифін беру тәртібі бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің өкілдері қатысты. Семинардың негізгі спикері ретінде ОӘБ ғалым хатшысы, философия ғылымдарының докторы, профессор Сырғағбаева Ақмарал Сәлімжанқызы баяндама жасады.

Семинар барысында оқу басылымдарын дайындауға қойылатын негізгі талаптар, оқу-әдістемелік әдебиеттерді ОӘБ РОӘК грифін алуға ұсыну тәртібі, сондай-ақ оқу басылымының құрылымдық элементтері қарастырылды. Сонымен қатар материалдарды рәсімдеу, мазмұндық талаптар, рецензиялау рәсімі және гриф беру жұмыстарының қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен, әсіресе 4-мақсат — «Сапалы білім беру» бағытымен тығыз байланысты. Себебі оқу-әдістемелік әдебиеттерге қойылатын талаптарды жетілдіру білім беру ресурстарының сапасын арттыруға, оқу үдерісінің мазмұнын жаңартуға және студенттерді заманауи, ғылыми негізделген оқу материалдарымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен қатар іс-шара 9-мақсат — «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» қағидаттарымен де сабақтас, өйткені сапалы оқу-әдістемелік база білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға және бірыңғай академиялық стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді. Ал семинардың ОӘБ өкілдерінің қатысуымен өткізілуі 17-мақсат — «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағытына сәйкес келеді.

Семинар факультет оқытушыларына жаңа талаптар бойынша өзекті ақпарат алуға, сұрақтар қоюға және сапалы оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындаудың практикалық мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Мұндай іс-шаралар оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және факультеттің академиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.