«Туризм» мамандығы студенттері арасында XIV дәстүрлі олимпиада өтті — ҚазҰУ

91ý

«Туризм» мамандығы студенттері арасында XIV дәстүрлі олимпиада өтті

27 сәуір 2026
«Туризм» мамандығы студенттері арасында XIV дәстүрлі олимпиада өтті

23–24 сәуір күндері Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Zhastour» клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі жылсайынғы «Туризм» мамандығының студенттері арасында өткізілетін олимпиада өтті. Биыл XIV-ші рет ұйымдастырылған бұл білім бәйгесіне еліміздің түрлі университетінен 10 команда қатысты.

Атап айтқанда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен  «QyzPu Tour», NARXOZ университетінен «Эдельвейс», Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен «AU Travel», Каспий университеті колледжінен «EVEREST» және «NOMAD», TURAN университетінен «Девчата» және «Турановские барсы», Абай атындағы ҚазҰПУ-дан «Жихангер», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан «Zhastour» және «КазНУ», сондай-ақ Қазақ-қытай тілдер колледжінен «KAZKIT» командалары қатысып, өзара бақ сынады.

Екі күнге созылған олимпиаданың бірінші күні қатысушылар туризм саласы бойынша теориялық білімдерін көрсетсе, екінші күні спорттық туризм элементтері негізінде құрылған, әртүрлі кедергілерден тұратын дистанцияны өтіп, командалық жұмыс дағдыларын іс жүзінде көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша:

I орын – «Турановские барсы»,

II орын – «KAZKIT»,

II орын – «QyzPu Tour»,

III орын – «Эдельвейс»,

III орын – «Жихангер»,

III орын – «AU Travel» командалары иемденді.

      Аталған олимпиада — тек жарыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу мен кәсіби дамудың тиімді алаңына айналғанына сөзсіз. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл іс-шара туризм индустриясының болашақ мамандарын даярлауда маңызды рөл атқарып келеді.