- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара
«Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара
География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасы аясында «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту» тақырыбында ашық кураторлық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 15-ші – құрлық экожүйелерін сақтау бағыттарына сәйкес өткізілді.
Аталған іс-шара «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Оразбайев Ерболат пен Шаяхметов Санжардың оқытушылық тағылымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер экотуризмді дамытудың заманауи үрдістерімен танысып, табиғи экожүйелерді сақтаудағы туризмнің рөлі мен биоалуантүрлілікті қорғаудың маңыздылығы туралы мәлімет алды. Сондай-ақ халықаралық экологиялық стандарттарды енгізу, табиғи аумақтардағы антропогендік жүктемені азайту және тұрақты туризмді басқарудың инновациялық жүйелерін қолдану мәселелері қарастырылды.
Теориялық ақпаратты тәжірибемен ұштастыру мақсатында Аюсай визит орталығында танымдық лекция өткізіліп, артынша Аюсай сарқырамасына оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер ұлттық парктің ішкі құрылымымен, ландшафт ерекшеліктерімен, табиғатты қорғау деңгейімен және заманауи технологиялық жабдықталуымен танысты.
Іс-шара студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ туризм мамандары ретінде қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Аталған іс-шара кафедра меңгерушісі, PhD Байбуриев Р.М., кафедра оқытушылары — г.ғ.к., доцент Алиева Ж.Н., г.ғ.к., доцент Абдреева Ш.Т., г.ғ.к. Кошкимбаева Ү.Т., сондай-ақ педагогикалық практиканың жетекшісі — педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының пед.ғ.к., аға оқытушысы Баярыстанова Э.Т. жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер үшін мазмұнды әрі танымдық мәні жоғары тәжірибелік іс-шара болды.
Басқа жаңалықтар