«Заңды білу - міндет, тарихты білу - аманат, ал «Тағдырды» оқу - рухани қажеттілік!» атты танымдық кездесуFarabi University

91ý

«Заңды білу - міндет, тарихты білу - аманат, ал «Тағдырды» оқу - рухани қажеттілік!» атты танымдық кездесу

25 сәуір 2026
«Заңды білу - міндет, тарихты білу - аманат, ал «Тағдырды» оқу - рухани қажеттілік!» атты танымдық кездесу

25 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында заң және тарих факультетінің студенттерімен «Заңды білу - міндет, тарихты білу - аманат, ал «Тағдырды» оқу - рухани қажеттілік!» атты танымдық кездесу өтті.

Биылғы акцияның таңдауы - Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы. Кездесуге жазушының ұлы, тарихшы Арман Жұмаділ қатысып, студенттермен тағылымды ойларымен бөлісті. Ол «Сөз құдіреті» мен «Әділдік» ұғымдарының өткен мен бүгінді байланыстыратын маңызды құндылықтар екенін атап өтті.

Студенттер шығармадағы: тарихи шекара мәселелері заң мен әділдік дипломатиялық қатынастар тақырыптарын талқылап, өз сұрақтарын қойды. Кездесу жастардың тарихи санасын қалыптастырып, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.