- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінде «Таза орта – дені сау ұрпақ» атты экологиялық субботник ұйымдастырылды
Шығыстану факультетінде «Таза орта – дені сау ұрпақ» атты экологиялық субботник ұйымдастырылды
25 сәуір 2026
Шығыстану факультеті , Қиыр Шығыс кафедрасы «Таза орта – дені сау ұрпақ» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен оқытушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және таза, қолайлы ортаны сақтау болды.
Сенбілік барысында кафедра ұжымы мен студенттер университет аумағын тазалап, қоқыстарды жинау және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысты. Мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, жастарды табиғатты қорғауға және салауатты өмір салтын ұстануға баулиды.
Басқа жаңалықтар
16 маусым 2026