Филология факультетінің студенті «Bilim zhane Bolashak» атты Төртінші халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегері атандыFarabi University

91ý

Филология факультетінің студенті «Bilim zhane Bolashak» атты Төртінші халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегері атанды

25 сәуір 2026
Филология факультетінің студенті «Bilim zhane Bolashak» атты Төртінші халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегері атанды

2026 жылғы 25 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында онлайн форматта «Bilim zhane Bolashak» атты Төртінші Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы шығарылды. Іс-шараны Eurasian Scientific and Methodological Journal “East-West” for master and doctoral students (EW ESMJ) және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ұйымдастырды. Байқау Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қолдауымен өтті.

Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana International University, Astana IT University, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Баишев университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Shakarim University, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, сондай-ақ Алматы қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі (физика-математика бағыты), Ғабит Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназия, Тараз қ. № 63 орта мектеп пен С.Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектеп, Атырау облысы Махамбет ауданындағы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі, сонымен қатар, Cyprus International University (Солтүстік Кипр), Азербайджан сәулет-құрылыс университеті (Әзірбайжан), Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь), Renaissance University (Өзбекстан), А.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан) және басқа да шетелдік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар үшін ғылыми мақалалар жазу, Web of Science және Scopus халықаралық деректер базаларымен жұмыс істеу, сондай-ақ ҚР ылым және жоғары білім министрлігі ҚКСОН ғылыми басылымдары бойынша оқыту вебинарлары ұйымдастырылды.

Барлық мақалалар үш сатылы «соқыр» рецензиялаудан өтті. Шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысушылар ұсынған зерттеу тақырыптарының өзектілігін, сондай-ақ мақалалардың дайындық деңгейі мен рәсімделу сапасын жоғары бағалады.

«Орыс тілі шетел тілі ретінде» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Айсарахунова Умида екінші орын алып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ылыми жетекшілер – орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Исалиева Сауле Темирбаевна және Султанова Шохиста Мухаммеджановна, филология ғылымдарының докторы, профессор “Ренессанс университеті, Өзбекстан).