- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шығыстану» (корейтану) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткізді
Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шығыстану» (корейтану) мамандығы бойынша XVIII Республикалық олимпиада өткізді
27 сәуірде Шығыстану факультетінде «Шығыстану (корей тілі)» мамандығы бойынша студенттер арасында XVIII республикалық олимпиада өткізілді. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері де қатысты. Қазылар алқасының төрағасы ретінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры Чжан Хо Чжон, төраға орынбасары ретінде Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаган А.Б. болды. Комиссия құрамына сондай-ақ оқытушылар мен сарапшылар: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы Пак Су Бин және Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Джанг Вон Ки кірді.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар корей тілі мен Корея тарихы бойынша тест тапсырмаларын орындады. Іріктеу қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер екінші кезеңге өтіп, «Егер мен Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның тарихи-мәдени туризм саласында гид болсам» тақырыбында презентация жасап, оны қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі студенттер иеленді: Самедин Назым (1 орын, 40 000 тг, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Ашим Ондасын (2 орын, 30 000 тг, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Абатова Арайлым (2 орын, 30 000 тг, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ), Муратханова Сандуғаш (3 орын, 15 000 тг, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Амирханова Медина (3 орын, 15 000 тг, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), Қарсыбаева Аружан (3 орын, 15 000 тг, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ). Олимпиада студенттердің тілдік құзыреттіліктерін, аналитикалық дағдыларын және креативті ойлау қабілеттерін көрсетуге тиімді алаң болып, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар