Қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!Farabi University

91ý

Қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

28 Сәу, 2026
Қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

Сулейменова Зоя Изтелеуовна 8D05401 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғады. Оның «Кейбір кездейсоқ параболалық теңдеулер мен теңдеулер жүйелері шешімдерінің асимптотикалық беталыстары және оларды орталандыру сұрақтары туралы» тақырыбындағы диссертациясы заманауи ғылым үшін маңызды зерттеулердің бірі болып табылады.

🔹 Зерттеу жұмысы стохастикалық анализ, ықтималдықтар теориясы және кездейсоқ процестер салаларын қамтиды. Диссертацияда параболалық теңдеулердің жаңа модельдері қарастырылып, олардың шешімдерінің асимптотикалық қасиеттері жан-жақты зерттелді. Сонымен қатар, магнит өрісінің эволюциясын сипаттайтын жаңа математикалық модельдер ұсынылды.

🔹 ылыми жұмыстың нәтижесінде классикалық емес шектік теоремалардың жаңа жалпылаулары дәлелденіп, стохастикалық дифференциалдық теңдеулер теориясына маңызды үлес қосылды. Зерттеу физика, гидромеханика және қолданбалы математика салалары үшін де өзекті.

Бұл жетістік – табандылық пен үлкен еңбектің нәтижесі. ылыми қауымдастық үшін маңызды жаңалықтар әкелетін осындай жұмыстардың көбейе беруін тілейміз!

📍Аталған жетістік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты:
ЦУР 4 – сапалы білім беру арқылы білікті мамандар даярлау;
ЦУР 8 – лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдау, кәсіби дамуға үлес қосу;
ЦУР 17 – әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту арқылы ортақ жетістіктерге жету.

Құттықтаймыз және алдағы ғылыми жетістіктеріне сәттілік тілейміз!✨

ЕҒжС кафедрасы