Журналистика факультетінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқықтық иммунитет қалыптастыру" тақырыбында семинар өттіFarabi University

91ý

Журналистика факультетінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқықтық иммунитет қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті

27 сәуір 2026
Журналистика факультетінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқықтық иммунитет қалыптастыру" тақырыбында семинар өтті

Семинар сабағы мазмұнды әрі қызықты форматта өтті. Іс-шараға халықаралық журналистика мамандығының студенттері, оқытушылар және қонақ спикер ретінде экономика ғылымдарының доценті Табиев Талғат Тазылбекұлы қатысты.

Семинардың негізгі тақырыбы — медиа-иммунитет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттар болды. Қонақ спикер өз сөзінде жемқорлықтың тек құқықтық емес, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік салдары бар екенін атап өтті. Ол журналистердің қоғамдағы рөліне тоқталып, ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуде медианың маңызы зор екенін айтты.

Студенттер жағдаяттық тапсырмаларға белсенді қатысып, түрлі пікірлер білдірді. Әсіресе «сыйлық па, әлде пара ма?» тақырыбы қызу талқыланып, көпшілік журналист кез келген материалдық сыйлықтан бас тартуы керек деген ортақ пікірге келді. Сонымен қатар, «құпия инсайдер» мәселесінде ақпарат көзін қорғау журналистің басты кәсіби міндеттерінің бірі екені айтылды.

Семинар барысында интерактивті викторина ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін тексерді.

Ең қызықты көтерілген тақырыптардың бірі — редакциялық қысым және ішкі цензура болды. Бұл мәселе аясында журналистің тәуелсіздігі, кәсіби этикасы және жеке ұстанымы кеңінен талқыланды.

Қорытындылай келе, семинар қатысушыларға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Негізгі тұжырым — адалдық, жауапкершілік және кәсіби этика журналист қызметінің басты қағидалары болуы тиіс.