- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашаққа бағыт: №82 мектепте киберқауіпсіздік бойынша профориентациялық кездесу
Болашаққа бағыт: №82 мектепте киберқауіпсіздік бойынша профориентациялық кездесу
Алматы қаласының №82 орта білім беретін мектебінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Киберқауіпсіздік және Криптология кафедрасының магистранттары Байменов Жасулан мен Исина Жұлдыз профориентациялық іс-шара өткізді. Іс-шара кафедра жетекшісі, профориентация бойынша жауапты ұйымдастырушы Заманова Сауле Канабековнаның басшылығымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектептің 11 сынып оқушыларына арналды. Заманова Сауле Канабековнаның тікелей үйлестіруімен жоспарланған бұл іс-шара киберқауіпсіздік саласының өзектілігін, болашағын және осы бағытта білім алу мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Магистранттар оқушыларға қазіргі цифрлық дәуірдегі ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығын, хакерлік шабуылдардың түрлерін, криптография ғылымының негіздерін және жеке деректерді қорғаудың тәжірибелік тәсілдерін түсінікті әрі қызықты түрде баяндады. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың Киберқауіпсіздік және Криптология кафедрасының бакалавриат пен магистратура бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, ғылыми зерттеу бағыттары және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, этикалық хакинг, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздіктің байланысы, болашақ мамандықты таңдау мәселелері бойынша көптеген сұрақтар қойды. Іс-шара оқушылардың санасында киберқауіпсіздік мамандығына деген қызығушылықты оятып, олардың болашақта осы саланы таңдауына оң ықпал етті. Байменов Жасулан мен Исина Жұлдыз бұл бастаманың жастарды ғылым мен технологияға бағыттаудағы маңызын атап өтіп, Заманова Сауле Канабековнаның ұйымдастырушылық қолдауына алғыстарын білдіре отырып, осындай профориентациялық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға деген ынтасын білдірді.

Басқа жаңалықтар