АР26199673 жобасы аясында Zoom платформасында жұмыс кеңесі өттіFarabi University

91ý

АР26199673 жобасы аясында Zoom платформасында жұмыс кеңесі өтті

27 сәуір 2026
АР26199673 жобасы аясында Zoom платформасында жұмыс кеңесі өтті

27.04.2026 жылы АР26199673 «ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, Алматы қаласы топырақ жамылғысының техногендік ластануын экологиялық бағалау» ғылыми жобасы аясында  кезекті жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Онлайн кездесуге жобаға қатысушы зерттеушілер мен мамандар қатысып, алдағы ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттарын талқылады.

Жиын барысында Алматы қаласы топырақ жамылғысындағы ауыр металдармен ластану деңгейін анықтау және бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшерін зерттеу, олардың таралу заңдылықтарын айқындау, сондай-ақ ластану деңгейіне қарай аумақтарды аудандастыру мәселелері қарастырылды.



Сонымен қатар, заманауи ГАЖ технологияларын қолдана отырып, топырақтың экологиялық жағдайын сипаттайтын сериялы карталар әзірлеу және интегралдық бағалау картасын жасау міндеттері талданды. Бұл карталар қала аумағындағы экологиялық ахуалды нақты бағалауға және қауіпті аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған жұмыстар География және табиғатты пайдалану факультеті,  Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы базасында жүзеге асырылып жатқан ғылыми зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады.