Жыл сайынғы «Үздік химик-зерттеуші» олимпиадасыFarabi University

91ý

Жыл сайынғы «Үздік химик-зерттеуші» олимпиадасы

28 Сәу, 2026
Жыл сайынғы «Үздік химик-зерттеуші» олимпиадасы

2026 жылғы 14–17 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Электрохимиялық өндірістер технологиялары зертханасының базасында жыл сайынғы «Үздік химик-зерттеуші» олимпиадасы сәтті өтті. Іс-шара химия ғылымына қызығушылық танытқан талантты жастардың басын қосты. Қатысушылардың негізгі бөлігін мектеп оқушылары құрады, атап айтқанда, №134 мектеп пен РФМШ оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар олимпиадаға университеттің 1–3 курс студенттері де қатысты. Сайыс дәстүрлі түрде екі кезеңде өтті: жеке және топтық турлар.

Жеке теориялық турдың тапсырмалары қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілетін тексеруге бағытталды және физика-химиялық процестерді терең түсінуді талап етті. Қатысушыларға күрделі ыдырау қисықтарын түсіндіруді қамтитын термиялық талдау бойынша стандартты емес есептерді шешу, сондай-ақ Гесс заңының көмегімен қателерді анықтай отырып, термохимиялық кестелерге зерттеу жүргізу ұсынылды.

Топтық тур «Марстағы алғашқы жыл» атты ауқымды инженерлік кейс форматында өтті. Командалар зерттеу базасының экипажы рөлін атқарып, тіршілік етуді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді міндеттерді шешті. Қатысушылар шектеулі ресурстарды қорлар мен жоғары технологиялық жабдықтар арасында ұтымды бөлумен айналысты, сондай-ақ марсиандық топырақ пен жергілікті атмосферадан суды және тыныс алуға қажетті газ қоспаларын регенерациялауға арналған тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жобалады. Сонымен қатар олар энергия теңгерімі мен уытты қоспаларды бейтараптандыру мәселелерін де қарастырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді.

Жеке тур жеңімпаздары арлығы 24 қатысушы):

1-орын: Полетаев Данил, №134 мектеп

2-орын: Ким Марьям, №134 мектеп

3-орын: Сәкен Нұрғалым, РФМШ

 

 

 

Топтық тур жеңімпаздары арлығы 12 команда. Олардың қатарында «Альфа и омега», «Арыстан», «Иондық найзағай», «Квант», «The Breaking Bad», «SU», «ChemKids», «Кислородное голодание» және «Без названия» командалары белсенділік танытты):

1-орын: «Пропил-алкил» командасы

2-орын: «Лубрикаторы» командасы

3-орын: «Chemstorm» командасы

 

 

Олимпиаданың салтанатты жабылуы мен марапаттау рәсімі 17 сәуір күні Е.Е. Ерғожин атындағы ылыми кеңес мәжіліс залында өтті. Қатысушылар іс-шараның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, стандартты емес тапсырмалардың қызықты форматын және достыққа негізделген, сонымен бірге бәсекелі атмосфераны ерекше атап өтті. Жеке және топтық турлардың жеңімпаздары жарияланған жүлде қорынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Әр турға 100 000 теңге көлемінде сыйақы қарастырылды. Сонымен қатар ерекше көзге түскен қатысушыларға тапсырмаларды шешудегі креативті тәсілі үшін арнайы құрмет грамоталары табысталды.