Стратегиялық даму және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыландыFarabi University

91ý

Стратегиялық даму және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

27 Апр, 2026
Стратегиялық даму және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

География және табиғатты пайдалану факультетінде 2026 жылғы 27 сәуірде ылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Аталған отырыс факультеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметінің негізгі бағыттарын талқылауға арналды. Күн тәртібіне сәйкес университет деңгейінде қаралған стратегиялық мәселелердің іске асырылу барысы, білім беру бағдарламаларын жаңғырту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Отырыс барысында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, академиялық ұтқырлық көрсеткіштерін арттыру, шетелдік профессорлық-оқытушылық құрамды тарту және ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын дамыту бағыттарының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, факультет деңгейінде ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, халықаралық ғылыми жобалар мен гранттарға қатысу белсенділігін күшейту қажеттілігі айқындалды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде 2027-2029 жылдарға арналған үш жылдық бакалавриат білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша Жол картасы қарастырылып, оның негізгі кезеңдері мен іске асыру тетіктері талқыланды. Бұл бастама білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үдерісінің икемділігін арттыру және практикалық бағыттылығын күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар факультеттің білім беру бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылып, сұранысқа ие емес және бәсекеге қабілеттілігі төмен бағдарламаларды оңтайландыру қажеттілігі негізделді. Бұл шешім білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға және ресурстарды басым бағыттарға тиімді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

PhD докторанттарының диссертациялық зерттеу тақырыптары бойынша жүргізілген сараптама қорытындылары да кеңінен талқыланды. Жұмыс тобы ұсынған ескертулер негізінде зерттеу тақырыптарын жетілдіру, олардың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызын арттыру қажеттілігі атап өтілді. Кафедра меңгерушілеріне диссертациялық жұмыстарды қайта қарап, тиісті өзгерістер енгізу және жаңартылған құжаттарды белгіленген тәртіппен ұсыну тапсырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық қаралған мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, факультеттің білім беру және ғылыми қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған жүйелі шаралар айқындалды.